Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Мәдениет-ұлт өмірінің айнасы» атты тарих сабағы өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, «Мәдениет-ұлт өмірінің айнасы» атты тарих сабағын өткізді.
Мәдениет пен өнер қызметкерлері- ұлттық руханиятты, өнерді, кітапхана, музей ісін және бай мәдени мұраны дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктіретін шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкерлері үшін ерекше күн болып саналады.
Сабақтың мақсаты- мәдениет өкілдерінің еңбегін құрметтеу, ұлттық мәдениетті дәріптеу.
Дата создания: 20.05.2026 18:59
Дата обновления: 20.05.2026 18:59
Количество просмотров: 24




