Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа өнеге» патриоттық акция
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіскүніне арналған «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа өнеге» патриоттық акциясы Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлес-жауынгерлердің құрметіне арналған Даңқ мемориалдық кешенінде өтті.
Аталмыш акцияға Көкшетау қ. «Арна» жоғарғы колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихындағы ерлік беттері, қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен рухтың маңызы туралы барынша мәлімет алды.
Акция тарихи жадты құрметтеуге және бейбітшілік құндылығын бағалауға тәрбиелеуге ықпал етті.
Дата создания: 06.05.2026 20:17
Дата обновления: 06.05.2026 20:17
Количество просмотров: 68




