Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында «Ұлы Дала мұрасы: археология, тарих және өлкетану сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті
16 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында «Ұлы Дала мұрасы: археология, тарих және өлкетану сабақтастығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында археологиялық экспедициялардың нәтижелері, ерте темір дәуірі ескерткіштері, мәдени мұраны сақтаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ өңір тарихы мен тұлғалары туралы тың зерттеулер кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелге: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К.А. Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, ҚР Ұлтық музейінің ғылыми қызметкері, А.Мырзахметов атындағы КУ жас ғалымдары, педагог-зерттеушілер мен Ш.Уәлиханов атындағы КУ студенттері қатысты
Іс-шара ғылыми пікір алмасу алаңына айналып, тәжірибе бөлісуге және тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтау бағытында маңызды ойлар мен ұсыныстардың қалыптасуына ықпал етті.
Дата создания: 17.04.2026 23:50
Дата обновления: 17.04.2026 23:50
Количество просмотров: 44




