«Көктем басы – көрісу» атты мерекелік іс-шара өтті
2026 жылдың 14 наурыз күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің қызметкерлері Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Көктем басы – көрісу» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара Көкшетау қаласындағы №10 орта мектепте ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларға Көрісу күнінің шығу тарихы мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Мамандар бұл күннің көктемнің басталуымен, адамдардың ұзақ қыс мезгілінен аман-есен шығып, бір-бірімен қауышуымен байланысты екенін айтып өтті. Оқушыларға бұрынғы заманда адамдардың көктемде қалай көріскені, қос қолдап амандасып, бір-біріне «Бір жасыңмен!» деп ізгі тілектер айтқаны көрсетілді.
Сонымен қатар қатысушыларға Көрісу күнінің халықты бірлікке, татулыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейтін тағылымдық мәні түсіндірілді. Іс-шара барысында ұлттық дәстүр элементтері көрсетіліп, оқушылар белсенділік танытты.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа Наурыз мейрамы мен Көрісу күнінің тарихи-мәдени маңызын таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.
Дата создания: 16.03.2026 15:40
Дата обновления: 16.03.2026 15:40
Количество просмотров: 23




