«Қазыналық қазба – ұлт құндылығы» археологиялық экспедициясы
Ақмола облысы мәденеит, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ «Қасиетті география» арнайы жобасы аясында қабылданған «Қазыналық қазба – ұлт құндылығы» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының Бурабай ауданы Жаңаталап ауылы маңындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
Археологиялық экспедицияның мақсаты жылсайынғы табиғи және адами факторлардың салдарынан жойылу қаупі төніп тұрған қорғандарға, ежелгі қоныс-мекендерді археологиялық тұрғыдан зерттеп, оған қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жойылу қаупі төніп тұрған археологиялық ескерткіш ретінде Жаңаталап III қорымына қазба жұмыстары жүргізілуде. Андрон мәдениетіне жататын қола дәуірінің қорымы Жанаталап ауылынан батысына қарай 500 м жерде орналасқан. Жаңаталап III қорымында 6 қорған анықталған. Бір қорғанның үтінен дала жолы басып өтуде.
Археологиялық экспедиция жұмыстарында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері археологиялық тәжірибеден өтуде. Бурабай ауданының көне тарихын зерттеуге үлес қосатын археологиялық ашылымдар мен құнды жәдігерлердің табылуын күтудеміз.
Археологиялық экспедиция 2019 ж. 3 маусымы мен 3 шілде аралығында созылады.
Дата создания: 12.06.2019 8:14
Дата обновления: 12.06.2019 8:18
Количество просмотров: 1759