Егіндікөл ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеріс

Егіндікөл ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеріс

Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ 2025 жылғы 1 қазан күні Егіндікөл ауданы бойынша тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеріс жүргізілді.

Егіндікөл ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру барысында көрсеткен көмектері мен белсенді қатысқандары үшін «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, сондай-ақ, Егіндікөл ауданының ауыл әкімдері мен мамандарына алғыс айтамыз.
Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау ісінде одан әрі жемісті ынтымақтастық жұмыс атқарамыз деген үмітіміз мол.