Баспасөз-хабарлама «Ақмола өңірі-тарихи ескерткіштер өлкесі»
Өткізу мерзімі: 2019 ж.18 сәуір
Өткізу уақыты:11-00 және 15-00 сағ.
Өткізу орны: «Көкшетау» МС
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық қорғау күні қарсаңында «Рухани жанғыру» және «Ұлы дала жеті қырлары» Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламалық мақалаларын іске асыру шеңберінде жастар форумы өткізіледі. 2019 жылғы 18 сәуір күні Көкшетау қаласында өтетін іс-шара үш кезеңнен тұрады.
Іс-шараның бірінші бөлімі- Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тарих және мәдениет ескерткіштер жинағының тұсаукесеріболып табылады. Ғылыми-энциклопедиялық сипаттағы бұл басылымға Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы тарих, археология, қала құрылысы, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің мемлекеттік және жергілікті тізіміндегі, сонымен қатар жаңадан анықталған нысандары енгізілген. Жинақ ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп басылып шығарылды. Аталмыш басылым тарихшы, археолог, этнограф, архитектор, өлкетанушы мамандар мен мәдени мұраға қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.
Іс-шараның екінші бөлімі- мәдениет, музыка колледж студенттері мен Көкшетау қаласының мектеп оқушыларымен бірлесіп «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты акция өтеді. Тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орайластырылған іс-шарада Ақан сері мен Біржан салдың шығармашылығымен таныстыру және студенттер мен оқушылардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырылады. Өскелең ұрпақ көрнекті және танымал Ақан сері мен Біржан салдың ескерткішімен танысады.
Іс-шараның үшінші кезеңі- Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін мерекелеу және жастар форумы негізгі бөлігі болып саналады.
Іс-шараның өзектілігі: іс-шара арқылы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын дамытуға, киелі нысандар туралы білімді насихаттауға ықпал етеді. Жаһандану дәуірінде өзінің туған «шыққан тегін» өткенмен байланысты, болашақ үшін, ұлттың мәдени «кодын» сақтау өзекті мәселе болып отыр. Ұлттың санасы елміздің азаматтарының жеке санасынан қалыптасқан. Сондықтан болар осындай заманауи, тиімді шаралар қажет.
Іс-шараның медиалық міндеті: мемлекеттік мекеме қызметкерлері, оқытушы-тарихшылар, жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен оқушылары үшін ұлттық тарихи-мәдени мұраны дәріптеу болып саналады.
Спикерлер: Сапанов Берік Айсаұлы- «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ директоры
Ақан Оңғарұлы - ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі
Жуманбаев Достан Нұрқатұлы – ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Киелі Қазақстан» ғылыми- зерттеу орталығының сарапшысы.
Шауенова Гүлзабира ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Киелі Қазақстан» өлкетаңуды дамыту орталығының ғылыми қызметкері
Жылқыбаев Сайлау Қабыкенұлы-Ерейментау ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Дата создания: 18.04.2019 17:44
Дата обновления: 18.04.2019 17:44
Количество просмотров: 1892