Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция-ел тірегі» атты тарих сабағы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция-ел тірегі» атты тарих сабағы 0 Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция-ел тірегі» атты тарих сабағы 1

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы  КММ-сі  «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» МКҚК курсанттарына  Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – ел тірегі»  атты тарих сабағын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің негізгі заңдылығы туралы түсінікті тереңдету, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы мен құқықтық жүйесінің дамуы туралы, «Жеті Жарғы» таныстыру, сондай-ақ билердің тарихтағы рөлі мен маңызын, Ақмола облысы аумағындағы олардың жерленген жерлері мен кесенелеріне байланысты киелі жерлермен таныстыру. Іс-шара құқықтық санаға, ұлтжандылыққа, Отанға деген құрметке тәрбиелеуге бағытталды.

Әсіресе, Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи түп тамыры мен Конституцияның өмірдегі маңызын тереңірек түсінуге құштарлық пен ұмтылыс танытқан курсанттардың белсенді қатысуымен, қызығушылығын атап өткенді жөн көрдік.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі.

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтаймыз! Баршаларыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық тілейміз.