Қазақстан Республикасы заңнамаларын орындау бойынша Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Ақмола облысының аудан және қалаларында тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша тексеріс өткізді
2018 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы заңнамаларын орындау бойынша Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Ақмола облысының аудан және қалаларында тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша тексеріс өткізді. Осы жылы орталықтың инспекторларымен Бурабай, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Сандықтау, Аршалы аудандары ескерткіштерінің техникалық жағдайына тексеріс жүргізілді. Жалпы ауданның тарих және мәдениет ескерткіштерінің жағдайы қанағаттанарлықтай.
Одан басқа, аталмыш тексеріспен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қасиетті география» арнайы жобасын насихаттау мақсатында, жастар мен мұғалімдер, өлкетанушылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері үшін «Ескерткіш-көненің көзі, тарихтың өзі» атты каучинг іс-шарасы өткізілді.Дата создания: 05.10.2018 15:02
Дата обновления: 05.10.2018 15:26
Количество просмотров: 1833