Зеренді ауданының қасиетті нысандарымен танысу
Ағымдағы жылдың 21 маусымы күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жанынан құрылып Ақмола облысы Зеренді ауданының Кеңөткел ауылына жақын орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілеріне қорғау- құтқару жұмыстарын бастаған Ақмола облыстық экспедициясын жұмысымен танысу мақсатында ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі, «Рухани жаңғыру» республикалық жобалау офисінің инспекторы Шерхан Талапов, мемлекеттік құрылымдар басшылары, зиялы қауім өкілдері, өлкетанушылар және қоғам қайраткерлері болып қайтты.
Негізгі мақсат - Ақмола археологиялық экспедициясының жұмысы барысымен, сонымен қатар, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ мамандарының қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер: қола дәуіріне жататын зергерлік бұйымдар - білезіктер (сырты фольга алтынмен қапталып, қалыңдығы 2 мм-ден аспайтын), андронов мәдениетіне жататын қыш ыдыстардың сынықтары мен фрагменттері және де Зеренді ауданының қасиетті нысандарымен жақынырақ танысу болып саналады.
Сондай-ақ, Ақмола облысының қасиетті нысандары тақырыбында көрме ұйымдастырылып ұсынылды. «Балапан» телеарнасының «Жұмбақ жер» (реалити шоу форматында) археологиялық теле экспедиция теле жобасының жүргізушісі тарихшы Айбар Касеналин және топ мүшелері келіп Ақмола өңірінің қасиетті нысандары жайлы бағдарлама түсірілімі жүргізілді. Аталмыш шаралар ұлт тарихымен қазақстандықтардың қоғамдық сана - сезімін жандандыруға, Ақмола облысының қасиетті нысандарын популиризациялауға бағытталған.
Дата создания: 23.06.2018 2:00
Дата обновления: 30.06.2018 9:20
Количество просмотров: 2607