«Ескерткіш-көненің көзі, тарихтың өзі»
«Қасиетті география» арнайы жабаны жүзеге асыру аясында, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы «Киелі Қазақстан» республикалық орталығымен бірлесіп, «Ескерткіш-көненің көзі, тарихтың өзі» атты іс-шара өткізеді. Іс-шараның форматы - «Life Patriotic Coaching» түрінде студенттер мен өлкетанушылар, жалпы білім беретін мектептер мен ЖОО-ның оқытушыларына арналған.
Іс-шараның контенті: «Киелі Қазақстан» Орталығының сараптамашысының және тарихшылар мен өлкетанушылардың қатысуымен коучинг өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш іс-шара аясында, интерактивті (сұрақ-жауап) түрінде Ақмола облысының киелі объектілері туралы ақпарат ұсынылып, өз пікірлерімен алмасулар өтеді және «Қасиетті география» базалық бағыты бойынша дамыту және насихаттау бойынша ұсыныс құрылып, жазылады.
Коучинг өткізу нәтижесі бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғауды жүзеге асыратын және туризм саласымен айналысатын ұйымдармен меморандум жасау жоспарланып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлттың мәдени «кодын» сақтау үшін, өткені мен болашағы, шығу тегі қазіргі таңда өткір мәселе болып тұр. Ұлттың өзіндік санасы - ел азаматтарының өзін-өзі тануынан тұрады. Сондықтан заманауи және тиімді шаралар қажет. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың жаңаша білім алуына креактивті және намыс пен отаншылдық сезімге қалыптастыру болып саналады.
Іс-шараның кумулятивті әсері: Іс-шара Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының дамуына, аймақтың киелі нысандар туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ете отыра, арқауы болады.
Іс-шараның медиа-мақсаты: Дүние жүзілік қауым өкілдері үшін аймақтың киелі нысандары бойынша ұлттық тарихи-мәдени мұраны, дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты, мәдениет және тарихи орындар туралы бейне роликтер шығару арқылы кеңінен таныту болып саналады. Іс-шараны сүйемелдеу үшін аймақтың киелі объектілері туралы 6 фильм түсірілді.
Дата создания: 19.04.2018 2:00
Дата обновления: 19.04.2018 14:00
Количество просмотров: 1978