«Ақмола облысының киелі объектілері» өлкетану сағаты өткізілді
Өзінің ұрпақтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына тәрбиеленген және рухани жағынан бай адам, сауатты болашақ ұрпақ өзінің туған өлкесінің нағыз иесі бола алады. Өлкеміз бұрынғы, қазіргі дәуірдегі әртүрлі кезеңнің тарихи ескерткіштеріне өте бай. Әлем жаһандану жағына өзгерсе де, қазіргі таңда мәдени құндылықтарды жандандыру, этносты тану, оның шығу тарихын қайтару көкейтесті мәселе болып келеді.
Осы жағдайда, «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарлама аясында, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» және жалпы білім беретін мекемемен бірлескен жұмыс маңызды болып саналады.
2018 жылдың 15-16 наурыз аралығында орталық мамандары Құралай Құлжанова мен Дархан Каримов заң колледжі мен №4 орта мектепте көрме ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға Көкшетау заң колледжінің және 8-9 сынып оқушылар мен мектеп оқытушылары шақырылды. Көрме өлкенің тарихы, оның тарихи-мәдени мұрасы, ескерткіштердің маңызы, тіпті халықаралық аренада республикалық және облыстық көлемінде олардың орналасқан жерін білу қызықты болды.
Оқушылар әсіресе, көшпелі кезеңдегі түріктердің, қазақтар мен басқа да Еуразия халықтарына қатысты облыстың киелі жерлері туралы білді. Оқушылар мен студенттер облыстың тарихы мен мәдениеті туралы қызықты, тартымды және танымдылық жағынан білім алды.
Дата создания: 27.03.2018 2:00
Дата обновления: 27.03.2018 17:05
Количество просмотров: 1983