Ақмола облысының киелі объектілеріне QR-кодты орналастыру және пайдалану туралы ақпарат
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көкшетау және облыстың тұрғындары, қонақтары мен туристер үшін Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі QR-код-заманауи технология көмегі арқылы мәдени мұраны кеңінен тарату, Ақмола облысының киелі объектілері туралы ақпаратты цифрлау жобаны жүзеге асыру бойынша 2018 жылдың 4 қаңтарында «Ескерткіштер сыр шертеді» атты ақция өткізілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша екі облыста-Павлодар және Ақмола облысында ғана жүзеге асырылды.
QR-код -(ағылшын тілінде. quick response – шұғыл жауап): мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR код – кез келген адам өзінің ұялы смартфоны арқылы ескерткішке ілінген QR кодты сканерлеп, сол ескерткіш жайлы толық мағлұмат ала алады. QR кодтар – бүгінгі күні ақпараттың күн санап ұлғаюына байланысты арнайы мамандармен ескеріліп жасалған кодтар болып табылады.Қазіргі таңда QR кодты әдемдегі дамыған елдерде сауда және өнеркісіпте, туризмде, мәдени-ағартушылық салада белсенді пайдалынады. QR код таблицкалары барлық адамдар үшін аймақтың тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру үшін мүмкіндік туғызады.
Қолжетімділігі- мобильді құрылғыға объектідегі QR кодқа қойып, қажетті ақпарат онлайн-режимде жүктеледі.
QR кодтың негізгі артықшылығы мынада, негізгі тарихи мәлімет мәтін түрінде жазылып, одан басқа тарихи тұлға және оқиға туралы документальді фильм көрсету бағдарламаға енгізілген. Аталмыш жоба тек қана қонақтар мен туристерге ғана емес, сондай-ақ танымдылық жағынан өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін қызықты және қажет болып саналады.
Ақмола облысының 1032 тарих және мәдениет ескерткіштер арасынан әзірше 20 киелі (тізім кестесі қоса ұсынылды) объектілерге QR код арқылы шифр қойылып, цифрлау белгіленді.
Аса маңызды табиғи және тарихи-мәдени объектілер, олар: Бурабай кентіндегі Абылай хан алаңы, Ерейментау ауданындағы XVIII ғасырдың қолбасшысы, қазақ әскери өнер мектебінің негізін салушы Бөгенбай батырдың ескерткішіне, Атабасар қаласындағы жерлес, таңымал жазушы, Ілияс Есенберлиннің ескерткіштеріне QR код орнатылды.
Облыс орталығы болып саналатын Көкшетау қаласындағы (1711-1781 ж.ж.) мемлекет билеушісі, батыл қолбасшы және дарынды дипломат, салыстырмалы аз ғана уақыт ішінде билік жүргізген, түпкі жауы жоңғар басқыншыларына қарсы күресте үш жүздерінің басын қосқан Абылай хан ескерткішіне, XIX жылдың аяғы XX басындағы сәулет-өнер ескерткіші болып саналатын «Көкшетау қаласының тарихы музей ғимараты (бұрынғы 1889-1905 ж.ж. В.Куйбышев атындағы музей-үйі)», «Юность» кинотеатр ғимараты («Шамсудинов и К», «Коротков И.Ю» серіктестігі, «Зингер компаниясы» сауда үйлерінің бұрынғы ғимараты), монументальді өнер ескерткіштері- Ақан сері, Біржан сал, Кеңес Одағының батыры- Т. Бигельдинов және М. Ғабдуллин ескерткіштеріне QR код орнатылды.
Болашақта басқа да Ақмола облысының тарихи-мәдени объектілеріне код беру жүзеге асыруға жоспарланып отыр. Код қою 2018-2019 жылдарға 2 жылға жоспарланды.
Одан басқа, Киелі объектіледі насихаттау, кеңінен тарату мақсатында Бурабай ауданының негізгі жолы болып келетін 4 киелі объектілерге: «Абылай хан алаңына», «Кенесары үңгірі», «Оқжетпес тауы», «Қанның қызыл ағашы» көрсеткіш белгі және билборд дайындалып, орнатылды.
2018 жылы аудан орталықтарында киелі объектілерімен ақпараттық тақталар орналастыру, сонымен қатар Ерейментау және Қорғалжын ауданының тарих және мәдениет ескерткіштерін көрсететін жол белгі көрсеткіштерін қою жоспарланып отыр.Дата создания: 24.01.2018 2:00
Дата обновления: 24.01.2018 10:08
Количество просмотров: 3119