"Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным" атты патриоттық акция
2023 жылдың 24 қазанында Республика күніне орай Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" РМҚК Щучинск филиалымен бірлесіп "Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным" атты патриоттық акциясын өткізді. Акция барысында патриоттық өлендер орындалып, күйлер шертіліп, Республика күнінің тарихы туралы ақпараттандырылды. Патриоттық акция Тәуелсіздік стеласы алдында өтті.
Дата создания: 25.10.2023 18:02
Дата обновления: 25.10.2023 18:02
Количество просмотров: 1186