Үмбетей жырау бюсті
Үмбетей жырау 1706 жылы қазіргі Оңтүстік Қа¬зақстан облысы Қаратау өңірінде дүниеге келген.
Жорықтарда Үмбетей атақты қолбасшы батыр Бөгенбайдың адал серігі болған, Үмбетей жырау қаһармандық жырларды, аңыздар мен шешендік сөздерді жетік меңгерген даңғыл көкірек ақын, әрі шежіреші, халық музыкасын жақсы меңгерген қобызшы, сонымен бірге сәуегей абыз адам болған.
Үмбетей Тілеуұлы - дидактикалық поэзияның шебері. Сол заманның қайраткерлері, саяси оқиғалары жайлы мол мәлімет беретін Үмбетей жырларының бірі - «Бөгенбай өлімі» аңызы. Жыраудың қолбасшылар мен хандарды, би-сұлтандарды халықтың пайдасы үшін жаман мінезден арылуға шақыратын, сынап, әділ пікір айтатын өлең-жырлары ел аузында сақталып, бүгінге жеткен. Ақын Аманжол Әлжанұлы Үмбетей мұраларын қағазға түсіріп, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына тапсырған.