Ш.Ш.Уәлиханов мүсіні
Шоқан Уәлиханов (шын аты Мұхамед-Ханафия - 1835, Құсмұрын трактісі, қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданы - 1865, а. Тезек, Алтын-Емел жолы, Алматы облысы) – ғалым, этнограф, тарихшы, географ, фольклоршы .
Бастауыш білімін ауыл мектебінде алған.
Парсы, араб тілдерін білген, кейін Орта Азиядағы түркі тілін меңгерген.
1847 жылдың күзінде әкесі Уәлихановты сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі саналатын Омбы кадет корпусына жібереді.
Кадет корпусының шәкірттері оқу барысында әскери дайындық, география, тарих (Ресей тарихы және жалпы тарих), орыс және шетел әдебиеті, философия негіздері, зоология және ботаника, физика, математика, геодезия, филология ғылымдары, сәулет және құрылыс негіздерібойынша білім алды.
Уәлихановтың алғашқы ғылыми жұмысы И.Н.Березиннің аудармасын талдау болды (Қадырғали Жалайыридің «Жамиат-тауарих» шежіресінің қазақ хандарының шежіресі туралы қазақ тіліндегі жинағы).Орталық Тянь-Шань арқылы Ыстықкөл көліне, Құлжаға, Қырғызстанға экспедициялар жасайды. Алғаш рет «Манас» қырғыз батырлық эпосының орыс тіліне ішінара аударылуы мен тарихи-әдеби талдауын жасады.Қоқан хандығының саяси экономикасы мен әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеп, Ыстықкөл картасын жасауға қатысты. «Ыстықкөлге сапарлар күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» , «Қырғыздар туралы жазбалар», «Алтышардың жай-күйі туралы немесе Қытай империясының Нан-Лу провинциясының алты шығыс қаласы туралы» және т. б. белгілі еңбектердің авторы.
Ш. Уәлихановтың идеялары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. еңбектерінде дамыды.
Солтүстік-Қазақстан облысындағы аудан, Көкшетау университеті, Алматыдағы ҚР HAH тарих, археология және этнография институты, Алматы мен Астанадағы көшелер Шоқан Уәлихановтың есімімен аталған. Алтын Емел қаласындағы Уәлихановтың бейітіне обелиск тұрғызылып, мемориалдық кешен салынды (1958). Ш. Уәлиханов Бейнелеу өнері және сәулет саласында Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалды.Ш.Уәлиханов мүсіні 1987 жылы Ш. Уәлиханов ауылында орнатылды.