Каныш Сатпаев ескерткіші
Сатпаев Қаныш Имантайұлы (12.04.1899 г. - 31.01.1964 г.) Кеңес кезеңінің геолог-ғалымы, ғылым ұйымдастырушы және қоғам қайраткері. Кеңестік металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің негізін салушы.Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), Қазақ КСР Ғылым академиясының (1946) және КСРО Ғылым академиясының академигі (1946), Қазақ КСРҒА-ның тұңғыш президенті. Ол сол кездегі болжамды қоры бойынша ең ірі болып саналатын Ұлытау-Жезқазған мыс кен орнын ашқан геолог ретінде атақ-даңққа ие болды.
Қ.И. Сатпаев Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. 1909-1911 жылдары Қаныш Сатпаев ауыл мектебінде оқиды.1911 жылы Павлодар қаласындағы орыс-қырғыз мектебіне түсіп, оны 1914 жылы үздік бітіреді.
Қаныш Сатпаев техникумды бітіргеннен кейін әкесі Имантайдың қарсылығына қарамастан Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі, сол кезде туберкулез ауруынан денсаулығы сыр береді.Соған қарамастан ол 1918 жылы семинария емтихандарын қысқа мерзімде тапсырып, дипломын алды.
Қаныш Имантайұлы жоғары білім алуды мақсат етіп, оқуын жалғастыруды көздеді, алайда ол кездегі семинария куәлігімен университеттер математикадан және бір шет тілінен емтихан тапсырса ғана қабылданатын. Келесі бір жарым жыл Сатпаев Томск технологиялық институтына түсуге дайындалды.
Оқуымен қатар Сатпаев Семейдегі екі жылдық педагогикалық курстарда жаратылыстану пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.Туберкулездің өршуіне байланысты жұмыс пен оқуды кейінге қалдыруға тура келді.
Сатпаев бір жылға жуық туған ауылында ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтірді. Дәрігерлер оның оқуын әрі қарай жалғастыра алмайтынына сеніп, тек туған ауылында, таза ауада, қымызбен емделумен ғана өмір сүре алады деп болжады.
Баянауылда емделіп жүргенде қазақ мектептеріне арналған алгебра оқулығын құрастыра бастайды, оны 1924 жылы аяқтайды. Бұл оқулық алгебра пәнінен қазақ тіліндегі алғашқы мектеп оқулығы болды.
1920 жылы Сатпаев Баянауылдағы Кеңес өкіметінің нығаюымен құрылған «Казкультпросветтің» (жұмысшылар арасындағы мәдени-ағарту жұмысы бөлімі) бірінші төрағасы болып тағайындалды.
Сонымен бірге Павлодар ревкомының шешімімен Баянауыл облысының 10-учаскесінің халықтық сот болып тағайындалды.
Қаныш Имантайұлы Сатпаев 65 жасында, 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеуде ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды.3 ақпанда Алматы қаласының Орталық зиратында жерленді.
Қаныш Сатпаев ескерткіші 2017 жылы орнатылды.