Ауғаныстанда қаза болған жауынгерге арналған ескерткіш
Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерге ескерткіш 2003 жылы ашылды. 1999 жылы ескерткішті салу орнына тас тігу жүзеге асырылды. Ескерткіш гранит пилондар фон ретінде қызмет ететін біркелкі кертілген қырлы, дөңгелек пішінді қойтасты қамтиды.
Ең биік пилондар арасында ортада атылған кильза, оның үстінде қара жауһазын-ауғандардың қайғы белгісі бейнеленген. Пилондар қара граниттен жасалған пішінді жолақтары бар сұр гранитпен қапталған ұзындығы бойына созылған көлемнің үстіне орнатылған.
Жоба авторлары- Ауғанстан ардагерлері кеңесінің мүшелері – суретшілер Т.А. Нұрсейітов, Б.Б. Боқанов, сәулетшісі Б.М. Марамов. Қасбет қырында екі тілде «1979-1989 жылдары Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге» деген жазуы бар. Сонымен қатар Ауғанстанда қаза болған 89 адамның аты–жөні жазылған.