Михаил Архангел шіркеу ғимараты
1914 жылы басылып шығарылған Омбы епархии атты кітабында Михаил Архангел шіркеуі 1896 жылы тұрғындардың қаражатымен салынған.
Қабырғалары қалдықты бөренелермен қиылып жасалған, сыланған және әктелген. Жоспарда тікбұрышты трапезалық паперттен, ғибадатхананың төрттігінің екі жағына да жіберілген бесбұрышты тармақтардан және бесбұрышты алтардан құрылған дәстүрлік крест тәріздес көлемдік композицияға ие. Дөңгелек бағаналардағы екі құламалы күнқағары бар кіре беріс трапезалық және бүйір тармақтар жағынан кірістерді қоршап тұр. Қасбеттер қарапайым және ықшам, сүйір маңдайшалы және жақтауларының суреттері майда шаршылы терезелердің биік ойықтары олардың безендіру негізі болып табылады. Ғимараттың жанында Уәлиханов көшесі бойымен күмбезбен аяқталатын үшқабатты кірпіш шіркеу мұнарасы орнатылған. Шіркеу интерьерінде сегізбұрышқа өтерде желкенді биіктігіне қарай дамыған ғибадатхана бөлмесі ортаңғы бөлігі жайпақ ағаш жабық күмбезбен жабылған. Ғибадатхана трапезалық және бүйір жақ тармақтарынан бөлменіңтұтас ені бойымен аркалық ойықтармен бөлінген. Ғибадатхана күмбезінің жәнет қабырғалардың бір бөлігінің әшекейі қарапайым кескіндеме мәнерінде майлы бояумен кенепке салынған.
Шіркеу қаланың ортасында салынған, ал 1947 жылы қаланың оңтүстік-батыс шетіне Уәлихан көшесіне көшірілген.