«Қаныкей» мазары

«Қаныкей» мазары

 


(Қорғалжын ауданы) 

Қаныкей мазары XVII ғасырдың ескерткіші болып саналады. Халық аңызының XVII-XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы Қазақстанның тарихи кезеңімен сәйкес келеді.  Үш жүз жыл бұрын Қорғалжынның «Өркендеу» жері «өркендеу,  даму» осы жерлер қазақ пен қалмақтар арасында  шекара болып саналып, бір-бірімен жиі-жиі басып алынып отырды. Соғыс жорықтарының біріне  ханның 15 жасар сұлу қызы Қаныкей аттанды. Алайда, қазақтардаң жеңіліс тапқан қалмықтар кейін артқа шегінуге мәжбүр болды. Шегініш жасау барысында атпен шауып келе жатқан Қаныкей шалынып құлап, хан қызы қаза табады. Бойжеткенді жазық далаға жерлеп, қызыл кірпішпен зират орнын қоршалды.   Уақыт өте келе қазақтар  өз жерлерін босатқан соң, өздерінің бос жерлеріне қоныстана бастады.  Өркендеу деген мекенге  Өтеқара деген бай өз ауылымен қоныстанды. Бірнеше жылдардан соң Байбек деген   жалғыз баласынан айырылғаннан соң,  Өтеқара баласы жатқан жерге зират орнына мазар тұрғызды.  Бекболат шеберге       ескерткіш- мазардың құны  жиырма жылқымен теңеді.  Қаныкей деген аңызды халық ішінде танымал болып, Тайбек Өтеқара деген ат айтылмай, мазарды «Қаныкей» деп атаған.  1979 жылы Ақмола облысы тарихи-өлкетану  музейінің қызметкерлері зерттеген болатын.

Деректеме: Маймұқан Боранбай- жергілікті өлкетанушы