Уәли хан кесенесі

Уәли хан кесенесі

 


 (Зеренді ауданы)

Уәли хан  (1781-1821)- Орта  жүздің  ханы. Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Жасынан билікке араласып, арғын тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды. Уәлидің негізгі қонысы Есіл өзен бойында Көкшетау мен Шыңғыстау арасында орналасты. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз өкілдерінің құрылтайында хан сайлау негізінде билікке (1781 ж) келді. Бас орда Бурабай көлінің маңайында, екінші ордасы Көкшетаудың Шығысындағы Сырымбет қыстауында болды.

 Уали Хан Жоңғария мен Орталық Азиядағы Абылай ханның жорықтарына қатысты. 1769 жылы Қазақ елшілігін басқарып, Қытайға жіберілді. 1781 жылы әкесі Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, оның еркіне сай, халық жиналысы оның үлкен ұлы  Уәлиді Орта жүздің жаңа ханы етіп сайлады. Уәли хан Петербург пен Пекинге өзінің тағайындалуын хабарлай отыра, ресейлік және қытай үкіметтерінен Уәлиді Орта жүздің ханы деп танитындықтары жөнінде хат жібереді. Сол жылы 1781 жылы Ресей мен Қытай Уәлиханды хандығының өкілеттігін мойындады. Қаңтар айының басында Цин императоры хан дәрежесінде бекітілді. Сол жылдың 23 ақпанында Орта жүз ханы арнайы патшаның хатымен мақұлданды. 1 қарашада Орта жүздің хан сұлтандары мен биілері жарияланды.

Ол қайтыс болғаннан кейін, екінші әйілінен туған ұлдар мұрагер болды. Оның ішіндегі мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған Шыңғыс Уәлиханов, ол- Көкшетау және Қосмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтаны болып сайланған. Қазақ ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Уәли ханның немересі.

Уәли хан кесенесі. Ескерткіш  Қазақстан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,3 шақырым жерде, «Қарақалпақ» қыратында орналасқан.  2008 жылы Уәли ханның 270-жылдығына орай мазар тұрғызылған.  Ескерткіштің жалпы аумағы 1920 шаршы метр.

Сәулет кешені қызыл кірпіштен, төртбұрышты ғимарат түрінде жасалды, оның төрт бағаны- сары кірпіш және жарты айлы кішкентай күмбездер. Күмбезімен санағанда қабырғасының биіктігі- 8 м. Уәли-  хандардың ішінде Көкшетау жерінде жерленген жалғыз хан.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы мазардың іргелес жатқан аумағын абаттандыру жүргізілді. Соның ішінде мазардың ішкі жағына гранит саркофагы; қорғау аймағының периметрі бойынша металл қоршауы; табынушылар, туристер мен өлке қонақтары үшін жаппа және сәкілер орнатылды, сондай-ақ кеспе тас төселді. Аталған жұмыстар, негізінен, «Азия-Агрохим» ЖШС-нің (директоры Б.Б.Козлов) демеушілік қаржысы есебінен қаржыландырылды. 

Деректеме: Мұқитанов Сансызбай Түлкібайұлы- Уәли ханның ұрпағы.