«Ананың ақ тілегі» ескерткіші
«Ананын ак тiлегi» ескерткіштің тік композициясы қоршаған кеңістікте зәулім болып тұр. Ескерткіш 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуілсіздігінің 10 жылдығына арнап қойылған, классикалық дәстүрде шешілген. Қолын жоғары көтеріп, түрегеп тұрған әйелдің мүсіні сегізқырлы бағанаға орнатылған. Бағанадан мүсін «қошқар мүйіз» оюлы сөремен бөлінген.
«Ананын ак тiлегi» монументальді мүсіннің авторылары Ленин және комсомол, сәулет сыйлығының лауреаты, СССР суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының сәулетшілер Одағының мүшесі, Ж.К. Молдабаев, сәулетшісі Т.М. Жұмағалиев, А.Ш. Шаяхметов
Ескерткіштің жалпы бюиіктігі 13,9 м, мүсіннің биіктігі 4,45 м., тастұғырдың төменгі диаметрі- 9 м, бағана тақталармен қапталған, екі баспалдақты негізі-жылтыратылған гранит, қоладан жасалаған. Мүсіннің материалы-қола, тұғыры алюкобобондпен қапталған.