«Айдаһар үңгірі» тауы

«Айдаһар үңгірі» тауы 0 «Айдаһар үңгірі» тауы 1

 


Киелі объекті

Зеренді ауданы, Үлгілі а.

Географиялық координаттары: 52°51'55.4"N 68°41'19.2"E

 

«Айдаһар үңгірі» - туристер мен Зеренді облысының тұрғындарының энергиялық күш алу үшін  келетін ерекше орын болып саналады. Жергілікті тұрғындар бұл үңгірді кездейсоқ тауып, осы үңгірге бару үшін қажылық орын ретінде бірнеше шақырым жүріп, табиғат пен желдің дыбысын есту үшін келеді.

Жергілікті тұрғындар бұл жерді қасиетті санайды. Оның қасиеттілігі дененің және адам денсаулығын тазарту үшін өте пайдалы болып келеді. Бұл жерде психикалық аурулармен ауратын адамдар емделеді, үңгір шығармашылық адамдар үшін рухани қызмет орны болды.

Үңгірдің ұзындығы – 27,0 м., ені – 7,0 м., биіктігі – 3,5 метр шамасында. Үңгірдің кіреберісінде қарағай мен қайың өсіп тұр. Сыртынан шағын болып көрінгенімен, оның ішіне айдаһар сыйып кететіндей соншалық үлкен екендігі байқалады. «Айдаһар үңгірі» деген атау содан пайда болуы мүмкін.

Үңгір жайында аңыз бар, есте жоқ ескі ке­зең­де осы үңгірде ауырып-сыр­қа­ғанды емдейтін емші өмір сү­ріпті.  Алдына келген сыр­­қат дертінен пышақпен сы­лып алғандай айығады екен. Күндердің бір кү­нінде ға­жайып қабілетке ие емші қайтыс болады, өмірден өткен соң оның бойындағы шипалы қуаты осы жерде қалған. Өзі болмағанымен, көзіндей тыл­­сым күш әлі күнге дейін адам­дарға шарапатын тигізу­де.

Бүгінде үңгірге бару әлдеқайда оңай болды, және оның ерекше атмосферасы жергілікті тұрғындарды да, аймаққа келген қонақтарды да таң қалдыруда.

 

Деректемелер:жергілікті ақсақалдардың әңгімелерінен