Иманжүсіп Құтпанұлы
(Аршалы ауданы)
Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931)- белгілі әнші-композитор, ұлт азаттық қозғалысының қатысушы өкілі, төкпе ақын, еліміздің тарихына баға жетпес қазынасына үлес қосқан қазақ халқының таңымал тұлғасы. Оның өлеңдері «Ерейментау», «Сарыарқа», «Қараөткел», «Сарыбел» және т.б. өлеңдері қазақ халқына кеңінен тараған. Иманжүсіп Құтпанұлы- Ақмола облысы, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылына жақын 8 шақырым жерде дүниеге келген.
Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы с. 8 шақырым жерде Құтпановтардың туыстық зираты орналасқан, ақын мен композитордың ата-анасы, ағалары мен қарындастары жерленген.
2013 жылы Иманжүсіп Құтпановтың 150 жылдық мерей тойын республикалық деңгейде атап өтті.
Мерей тойына арнап Тараз қаласынан Иманжүсіптің жерленген орнынан топырақ әкелініп қайта жерлеу рәсімі жасалынып, естелік тас белгі орнатылды.
Иманжүсіптің немересі Иманжүсіп Раушан ширек ғасырдан астам Иманжүсіпке байланысты шығармашылық мұрасын (қайтарылмай жоғалған және ұмытылып қалған 20-дан астам әндерін), 30-ға жуық кітап басылып, 500-ден астам мақалалар жарияланды, деректі фильмдер түсіріліп, 50-ден астам халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, 150-ден астам еске алу кештері, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Ғылыми-зерттеу жоба бағытының бірі- «Шоқан жолдары» Иманжүсіптану болып саналады.
1865 жылы Ақмола облысы уездінің болысы Ыбырай Жайықпаев Павлодар уезі, Песчаной станциясында тұратын Құтпан Дайрабаевтан хат алады. Ақмоланың тумасы ретінде, өзінің отбасын (жұбайы-Үміт, және төрт баласы Ақшабай, Шонай, Иманжүсіп және қызы Бәтіш) көшіру мақсатында жер бөлуді Құтпан өзінің хатында баяндайды.
Көп кешікпей ол Күйгенжердегі бөлінген жерге қоныстанды. Құтпан дәулетті, ауқатты, шаруақор, қамқоршы отбасы иесі және өзінің алып күшімен ерекшеленді. Жас кезінде Кенесары жасағында батыр жауынгер болғаны бәрімізге мәлім. Оның айналысындағылар адамгершілігі, зеректігі, ойға жүйріктігі мен ақылдығы үшін қатты құрмет тұтқан. Кішкентай Иманжүсіптің тілі ерте шықты. Құтпан, кішкентай Иманжүсіптің қорқынышты білмейтін, таңғаларлық күшімен және бірбеткей, тік мінезімен және жүйрік тұлпарды жеңіп озып шығатындығымен мақтан тұтатын. Тойларда Иманжүсіптің әндерін тыңдап, оның өткір тілін тыңдау үшін жастар артынан қалмай, артынан еріп жүретін. Сонымен қатар, оның ішкі жан дүниесі жарқын, өзгеше: ұзын бойлы сұңғақ, бойы екі метрден асатын, жасыл көзді және ақ құба адам болған. Оның жүйрік аты Ақмола өңіріне белгілі болып, көкпарда онымен жекпе-жекке шығуға батылы бармайтын.
Қарашекпендіктердің озбырлығы басталып, Столыпин реформасы кезінде Ресейден қоныс аударушылар келіп, Құтпановтар отбасы Қарасудың жағалауына ығысып, отбасы XX ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін өмір сүрді. Қайтыс болғандарды жақын жердегі қыстауға жерледі. Сол жер қазіргі күнге дейін сақталды. Бұл зиратта ата-аналары Құтпан мен Үміт, Иманжүсүптің ағайындары - Ақшабай мен Шонай, олардың әйелдері, балалары жерленеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша көрші ауылдар мен басқа аймақтардан қажылар, туыстары, мектеп оқушылары, ақындар, музыканттар, әншілер, композиторлар, суретшілер әрдайым жерлеу алаңына келіп, тағзым етеді. Иманжүсіптің өміріне байланысты туған жеріне деген ерлігі мен аңыздарды ауыздан ауызға тарады.
Иманжүсіпті Тараз қаласында Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырғаны үшін айыптап, халық жауы деп 1931 жылы 2 наурызда ату жазасын берді. 1992 жылы ақталып шықты. Әкесінің қайтыс болғанынан кейін, аман-есен қалған Иманжүсіптің баласы- Нұрхан Наманған балалар үйінде тәрбиленіп шыққан баласы бүкіл өмірін әкесіне арнады. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның жақсы атын қалпына келтіру, оның сал серілік өмірі мен шығармашылығын зерттеу, табылған ғылыми өмірбаяндық деректермен немересі Иманжүсіп Раушан айналысты. Иманжүсіптану ғылыми-зерттеу бағыты «Шоқан жұлдыздары» жобасы болып саналатын, осы жоба аясында репрессияға ұшыраған мәдениет және ғылым қайраткерлерінің шығармашылық мұрасы мен оның өмірбаяны насихаттау туралы монографиялар және ғылыми-көпшілік басылымдар жарияланып, «Иманжүсіптің тарихи-мәдени портреті» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғалып, Қазақстанның бес аумағында мерейтойлық шығармашылығы өткізіліп, ескерткіштер мен мүсіндер орнатылды, көшелер мен шағын аудандарға Иманжүсіптің аты берілді, мәдениет сарайлары мен стадиондар, Астана қаласында және облыс пен аудан орталықтарында оның есімімен аталатын мектептер бар. Ата қонысында «Иманжүсіп» атты мәдени-танымдық орталық ашылып, ғалымдардың бастамасы мен күшімен музейлік кешенді құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, оған 19 ғасырдың мәдени ескерткіші ретінде құтпановтар отбасылық пантеоны тіркелді. және оған бар Иманжүсіп музейі мұражай кешенін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сал серілер, қамшыгерлер және атқа салт жүру мектебін ашу жоспарда бар.
2012 жылы Иманжүсіптің немересі, философия ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Иманжүсіп Раушанның атасы- Иманжүсіптің атылған жерінен, Тараз қаласының шетіндегі зираттан контейнермен жер алдырып, Аршалы ауданы әкімдігінің көмегімен және қалың қауымның қатысуымен ресми түрде жерлеу рәсімі жасалып, естелік тас белгі орнатылды. Жібек жолы ауылы әкімдігінің күшімен өткен жылы пантеон қоршалған еді. Қарапайым адамдардың мүдделерін қорғаған, халық пір тұтқан Иманжүсіп Құтпанұлының жарқын, тамаша өмірі туралы әңгімелер айтып, бұл жерге шетелден және республиканың түпкір-түпкірінен адамдар жиналып батырдың ауруағына тағзым етеді. Ол жерге баратын жолдың жоқтығына қарамастан, 19 ғасырдың мәдениет ескерткіші болып саналатын ескерткішке, халық өнерін сүйетін және мыңдаған қажылыққа баратын адамдар басына келеді.