«Көкше жерінің- Ұлы тұлғалары»

«Көкше жерінің- Ұлы тұлғалары» 0 «Көкше жерінің- Ұлы тұлғалары» 1 «Көкше жерінің- Ұлы тұлғалары» 2 «Көкше жерінің- Ұлы тұлғалары» 3

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі  «Көкшетау-Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында ақын, композитор Ақан сері, Біржан сал, халық композиторы Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, қазақ хандығының соңғы ханы, Ұлы Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы сынды тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату бойынша «Көкше жерінің-Ұлы тұлғалары» атты жоба жүзеге асырылды.

Ескерткіштің авторы- мүсінші, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының академигі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Қазыбек Қажыкенұлы Сатыбалдин болып саналады.

Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш- өзінің атымен  ұлт-азаттық көтерілісте көрсеткен ерлігі бейнеленген. Оның бүкіл өмірі- халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен батыр және өз еліне, жеріне деген шексіз қызмет етудің жарқын үлгісі болып саналады.

Біржан сал мүсіндік композициясы- қазақ өнерінің шоқтығы үлкен жауһар туындылар бола отыра, қолындағы домбырасы композитордың негізгі мүсіні болып табылады.

Аты аңызға айналған ақын Ақан Сері мен танымал композитор Үкілі Ыбырайдың ескерткіштері біздің өңіріміздің ерекше белгісіне айналатыны сөзсіз. Ақмола өңірі- ұлы суырып салма ақын-композиторлардың отаны болып табылады.

Халық батыры, қазақ халқының ұлы-Кенесары хан, атақты Ақан сері мен Біржан сал, халық композиторы Үкілі Ыбырай мен күш атасы Балуан Шолаққа арналған  ескерткіштер Ақмола жерінде бой көтерді.

Жоғарыда аталған ескерткіштердің биіктігі-11 метр, мүсіннің ұзындығы-5,75 метр, ені-2 метр. Мүсінді дайындау материалы- қордай граниті, мүсін қоладан жасалған.

Негізгі мақсаты- барлық тарихи-мәдени мұра объектілер облысымыздың келбетін көркейтіп, туристік әлеуетті дамытуда және тарихи-мәдени мұраны насихаттауға маңызды рөл атқаратын болады.