«Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс!

«Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс! 0 «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс! 1 «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс! 2 «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс! 3 «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс! 4 «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс! 5

Өткізу күні: 4 мамыр 2019 жыл.

Өткізу  уақыты: сағ.11.00

Өткізілетін орны.Көкшетау қаласы

Б.Момұшылы көшесі, Даңқ  

Мемориалы.


Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау  және пайдалану орталығы» МКМ-сі  9 - мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдығын   мерекелеуге байланысты Көкшетау қаласының мектеп оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік Алау» алдында «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс!» атты акция өткізеді.

Іс-шараның мақсаты:  Ұлы Отан Соғысы жылдары қаза тапқан жерлес жауынгарлерге арналған даңқ мемориалының салынуының тарихи маңызы мен мазмұнын түсіндіру. Орнатылған  даңқ мемориалының мәңгілік ұрпақ үшін тарихтың өшпес мұрасы екендігін насихаттау.  Ұлы жеңіске жету жолындағы ата бабалардың  ұмытылмас ерлігін дәріптеу. Жас ұрпақты отан қорғауға , патриоттық сезімге, елін сүюге, ұлтжандылыққа, тарихын құрметтей білетін ұлттық рухта тәрбиелеу.

Іс -шараның форматы: Қала мектептерінің оқушыларына  Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге  тағзым ретінде Даңқ Мемориалы алдында акция ұйымдастыру.

Іс-шараның барысы: Аталған іс-шара оқушылары  ел қорғау жолындағы бабалар ұрпағына тағзым етіп гүл шоғын қоюдан басталды. Одан әрі мектеп оқушылары ел үшін құрбан болған бабалардың ерлігі туралы әңгімелеп,кезекпен сөз алды.  № 5    «Таңдау » мектеп гимназиясының оқушысы Мамурзаева Фариза «Бабалар ерлігі өшпейді»  атты баяндама жасап, №3 мектептің 7а-сыныбының оқушылары Қожанова Жасмина, Сатпек Айгерімдер сөз алды. Жалпы іс-шара барысында  батыр тұлғалар туралы тағылымы зор , құнды мәліметтер насихатталды.