«Қыз еркем, қылығымен көркем»

«Қыз еркем, қылығымен көркем» 0 «Қыз еркем, қылығымен көркем» 1

8 – Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай 2019 жылдың 6 наурыз күні Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» Көкшетау қаласының №12 орта мектебімен бірлесе отырып «Ананың ақ тілегі» монументалды-мүсінді композициялық ескерткіші жанында «Қыз еркем, қылығымен көркем» атты тәрбиелік бағыттағы акциялық іс-шара өткізілді.

Акциялық шараны ұйымдастырудың жалпы мақсаты жер бетіндегі ұрпақ үшін ақ тілекші болатын анаға деген құрмет және бұл ескерткіштің мән-мағынасы төңірегінде оқушыларға тәрбиелік мазмұнда насихаттау. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Іс-шара барысында қазіргі жас ұрпақ  келешектің келбеті болғандықтан, «Қыз еркем, қылығымен көркем» атты тәрбиелік бағыттағы акция болашақтың бесігі болатын қазақ қызының   қадірін бағалай білуге, бүгінгі жас ару болашақ ана, болатындығын, бүгінгі таңда қыз баланың тәлім-тәрбиесіне аса мән берілу керектігі туралы сөз қозғалды, сонымен қатар оқушылар да анаға деген ыстық ықыластарын білдіріп ортаға шығып сөз сөйледі. Ана – барлық өмірдің бастауы, адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен берілетіндігі жөнінде ұлағатты сөздер айтылды. «Ана – ұлы адам, қасиетті жан» жарық дүниеге әкелген әрбір асыл аналарға деген ыстық ықыласпен бас иіп тағзым етілді.

Осындай игілікті іс шараны ұйымдастыруда мектеп басшылығы және сынып жетекшілері мен оқушылар бір адамдай жұмылып ат салысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!

Барша ардақты аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!